
📌Алғаш рет Жетісу облысында 19 сәуірден бастап әр сенбі-жексенбі күндері әр аудан және қаланың орталықтарында волейбол, баскетбол, футбол спорт түрлерінен J LEAGUE жобасы басталады. Бұл спорттық жобаға әрбір аудандағы елді-мекендердің балалары қатыса алады.
🖇️10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер футбол, баскетбол және волейболдан іріктеу кезеңге қатысып, өз ауылының намысын ақтық сында қорғайтын болады. Өтінімдер 7su_sport@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.
📍Дүбірлі доданың финалдық ойындары маусым айында Талдықорғанда өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлыққа ие болады.
J LEAGUE- СЕНІҢ СПОРТТЫҚ СЕРІГІҢ!




