Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді. Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін. Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз: ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз; міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз; телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз; күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-qarzhy-qyzmetkerlerine-alayaqtyqtyng-zhanga-shemasy-turaly-eskertedi/?fbclid=IwY2xjawTCl-NleHRuA2FlbQIxMABicmlkETFQSmVZeXdtczE0aHBBWGVkc3J0YwZhcHBfaWQQMjIyMDM5MTc4ODIwMDg5MgABHpRlzoLc526HRyzbBpZbcEzmk-UqLUWUkN2VMHRhW4CpX-yFi88V-HAPvHOn_aem_-EG8WlLQT1vzejeINWWyRA

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар