Воскресенье, 4 октября, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 300-ДЕН АСА КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

Түлкібас ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту және кешкі мезгілдегі қозғалыс мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде көше жарығын орнату ісі қарқын алып, бұл бағытта нақты нәтижелерге қол жеткізілуде.

Атап айтқанда, 2025 жылдың басынан бері аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары ескеріліп, 28 көшеге жаңа заманауи жарық шамдары орнатылды. Бұл жұмыстар аудандық әкімдіктің бақылауында болып, ауылдық округтердің жергілікті бюджеті мен демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 15 кент пен ауылдық округ бар. Оларға қарасты 59 елдімекеннің жалпы 464 ішкі көшесі тіркелген болса, соның 309-ы бүгінде толық жарықтандырылған. Бұл көрсеткіш ауданның даму қарқынының жоғары екенін және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді саясаттың нәтижесін айғақтайды.

Көшелерді жарықтандыру жобасы ең алдымен мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері мен спорт алаңдарына жақын орналасқан аймақтарды қамтиды. Себебі дәл осы нысандардың маңында балалар мен жастар жиі жүретіндіктен, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Түнгі уақытта және таңғы ерте мезгілдерде тұрғындардың, әсіресе оқушылар мен зейнеткерлердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жарықтандыру жүйесі маңызды рөл атқарады.

Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыруда. Биылғы жылы іске асқан 28 көшеден бөлек, тағы 15 көшені жарықтандыру жоспары бар. Бұл ретте энергия үнемдейтін заманауи LED шамдары орнатылып, бұрыннан бар ескі жүйелер жаңартылуда. Энергия тиімділігі жоғары бұл шамдар электр қуатын үнемдеумен қатар, қызмет ету мерзімімен де ерекшеленеді.

Сонымен қатар, жарық шамдарын орнату кезінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайы, жол қозғалысы жиілігі және көше ұзындығы ескеріліп отыр. Жарықтандыру желілері заманауи басқару жүйелерімен жабдықталып, кейбір ауылдық округтерде автоматтандырылған қосқыштар орнатылған. Бұл түнгі уақытта жарық шамдарының өздігінен қосылып-өшуіне мүмкіндік береді және электр энергиясының үнемделуіне септігін тигізеді.

Түлкібас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін қосымша көшелерге шам орнату үшін қаржы қаражаты бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта ауданның барлық елдімекендерін толық жарықтандыруға басымдық берілмек.

– Халықтың тұрмыс сапасын арттыру – біздің басты мақсатымыз. Жарықтандыру жұмыстары тек инфрақұрылымдық жоба емес, ол – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру мәдениетінің көрсеткіші. Әсіресе ауылдық жерлерде бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан, әрбір ауылға жарық шамдарын орнату ісін тұрақты түрде жалғастырамыз, – дейді аудан әкімі аппаратының өкілдері.

Жарықтандыру жобаларына тартылған демеушілердің де үлесі айтарлықтай. Жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылық субъектілері әлеуметтік жауапкершілік аясында ауыл тұрғындарының игілігіне осындай маңызды бастамаларды қолдауда. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестіктің тиімді үлгісін көрсетеді.

Көшелердің жарықтандырылуы тек тұрғындардың қауіпсіздігін ғана емес, ауылдардың көркін де айшықтай түсуде. Кешкі мезгілде жарық шамдарының жарқырауы – ауыл өміріне сергектік пен сән беріп, тұрғындардың көңіл күйін көтеруде. Сонымен бірге, мұндай жұмыстар қылмыс деңгейін азайтуға, жол-көлік апаттарының алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етіп отыр.

Жалпы алғанда, Түлкібас ауданында жарықтандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Жергілікті билік алдағы уақытта барлық елдімекендерді толық қамтуды көздеп отыр. Осылайша, ауданның инфрақұрылымдық дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар