Пятница, 2 октября, 2026
17.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы дрон-футбол чемпионатында бірінші орын алды

Астана мен Ақтөбе оқушылары АҚШ-та өткен FIDA USA Drone Soccer Championship халықаралық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Калифорния штатының Палм-Спрингс қаласында ұйымдастырылған жарысқа 17 елден 100-ден астам команда қатысты.
Super Pilot жеке дисциплинасында Астана қаласындағы №8 мектептің 9-сынып оқушысы Амантай Арсен алтын медаль иеленсе, №82 мектептің оқушысы Хайралла Айсұлтан екінші орын алды.
Drone Soccer Class 20 командалық сынында қазақстандық командалар барлық жүлделі орынды жеңіп алды. Бірінші орын — Ақтөбедегі Kemel Bilim командасына, екінші орын — Астанадағы №8 мектепке, үшінші орын — №82 мектепке бұйырды.
Kazakhstan Drone Soccer Association директоры Әліхан Рыспай бұл жетістікті қазақстандық дрон-футболдың халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңістерінің бірі екенін атап өтті

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар