Пятница, 2 октября, 2026
23.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Дербісектегі ұңғыма мәселесі заң аясында қаралып жатыр

Сарыағаш ауданының Дербісек елді мекеніндегі ауыз су ұңғымасына қатысты мәселе заң аясында шешіліп жатыр. Сондықтан әлеуметтік желілерде облыс және аудан әкімдерінің атына қатысты тараған кейбір мәліметтер шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде аудан әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған су нысаны ұзақ жылдар бойы «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдалануында болған. Алайда биыл 25 сәуірде жалға алу мерзімі аяқталып, санитарлық талаптардың сақталмауына байланысты инспекция құқықты ұзартудан бас тартқан. Сот шешімімен жеке серіктестіктің құжаттарының күші жойылды. Сондықтан әкімдік тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар