Пятница, 2 октября, 2026
17.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Отырар ауданында зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб ұйымдастырылды

Отырар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты флешмоб өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ішкі саясат саласының мамандары, Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері және «Бақыт Айдынында» балалар би орталығының тәлімгерлері мен тәрбиеленушілері қатысты. Жалпы акцияға 200-ге жуық адам қамтылды.
Шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қоғамда мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және ішкі істер органдарына деген қоғамдық сенімді арттыру.
Флешмоб барысында қатысушылар қоғамдағы татулық пен сыйластықты дәріптеп, қауіпсіз әрі берекелі отбасы – тұрақты қоғамның негізі екенін атап өтті.
Тағылымды шара республикалық байқаулардың жүлдегері «Бақыт Айдынында» балалар би орталығы бишілерінің әсерлі биімен қорытындыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар