Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізуді жалғастырып жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізуді жалғастырып жатыр. Акция аясында бұлақтар мен су нысандарын тазарту, сондай-ақ олардың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

11 шілде күні экологиялық акциясының екінші кезеңі еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында) өтеді. Акция барысында 58 бұлақ пен 33 су нысанын тазарту жоспарланып отыр.

Іс-шараларға шамамен 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері мен еріктілер бар.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар