Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Полицейлер 80-ге жуық отбасын профилактикалық жұмыстармен қамтыды

Полицейлер 80-ге жуық отбасын профилактикалық жұмыстармен қамтыды
Түркістан облысы Созақ ауданында полиция қызметкерлері Отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, 80-ге жуық отбасымен ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Нәтижесінде 25-ке жуық қолайсыз отбасы ерекше бақылауға алынып, олармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту бағытында профилактикалық шаралар өткізілді.
Аталған жұмыстар қолдауды қажет ететін отбасыларды дер кезінде анықтауға, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институтын нығайту мен азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар