Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Балалар игілігіне бағытталған кәсіп

Атырауда мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытып отырған әлеуметтік кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Солардың бірі — «Чудо Kids» арнайы түзету балабақшасының директоры Жанат Айтерина.

Кәсіпкер 2023 жылдан бері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақшаны басқарып келеді.
Ол 2025 жылы әлеуметтік кәсіпкер ретінде Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 5 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған. Қаражат балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды.

Грант қаражатына балабақшаға интерактивті тақта, логосервер және балалардың дамуына арналған интерактивті ойын кешендері сатып алынған. Заманауи құралдар бүлдіршіндердің білім алуына, ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

********************************

Бизнес во благо детей

В Атырау растёт число социальных предпринимателей, развивающих своё дело благодаря государственной поддержке. Одна из них — Жанат Айтерина, директор специального коррекционного детского сада «Чудо Kids».

С 2023 года она руководит детским садом для детей с особыми образовательными потребностями.
В 2025 году при поддержке Палаты предпринимателей Атырауской области Жанат Айтерина как социальный предприниматель получила безвозвратный государственный грант в размере 5 миллионов тенге. Средства направили на укрепление материально-технической базы детского сада.

На средства гранта приобрели интерактивную доску, логосервер и интерактивные игровые комплексы для развития детей. Современное оборудование помогает воспитанникам получать знания, развивать мышление и познавательные навыки.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар