Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

​2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.

Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.

Бағдарлама:

— 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.  Уақыты: 19:00;

— 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы. Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы.  Уақыты: 17:00;

— 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.

Уақыты: 19:00.

Баршаңызды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырамыз!

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар