Среда, 30 сентября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Бүгін Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілеріміз қаза тапты.

Мемлекет басшысы марқұмдардың отбасына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды және ертеңгі күнді жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ең алдымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі ретінде, сондай-ақ кәсіпкер ретінде осынау қайғыны теңдей бөлісуді парызым деп санаймын.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үндеуін қолдай отырып, Integra Construction KZ компаниясынан қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына 25 миллион теңгеден қаржылай көмек бөлінетінін хабарлаймын. Көмек атаулы түрде, мемлекеттік қолдауға қосымша көрсетіледі.

Ешқандай қаражат ата-анаға баласын қайтармайды, әрине. Бірақ мұндай сәтте бірде-бір отбасы өз қайғысымен жалғыз қалмауы керек. Біздің еліміз қашанда осындай сәтте өзінің бірлігін көрсеткен.

Қаза тапқандардың туған-туыстарына және қарулас жолдастарына көңіл айтамын, оларға сабыр мен төзім тілеймін

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар