Среда, 30 сентября, 2026
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған мобильді топ Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында рейдік іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, сондай-ақ халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, тазалық қағидаларын бұзудың 13 фактісі анықталды. Атап айтқанда, рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орында, демалыс аумақтарында, саябақтарда, базар аумақтарында анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 3 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар, ал 505-бабы бойынша 10 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушыларға жалпы 167 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс көлемінде аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылады.
#ТазаҚазақстан

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар