Среда, 30 сентября, 2026
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Түркістанда полицейлер мен жастар есірткіге қарсы марафонға қатысты

​Түркістан облысында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «BAIDYBEK MARATHON» тақырыбында ауқымды спорттық шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүгіру жарысына жергілікті тұрғындар, белсенді жастар және 50-ге жуық полиция қызметкері қатысты. Жалпы алғанда, марафон 300-ге жуық адамның басын қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – дене шынықтыру және спорт арқылы өскелең ұрпақты есірткі, темекі және алкоголь сияқты зиянды әдеттерден аулақ ұстау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.

 Сайысқа қатысушылар бірнеше жас санаты бойынша бақ сынасып, 5 шақырымға жуық қашықтықты бағындырды. Марафонның ең жас қатысушысы 14 жастағы өрен болды. Табандылық пен жоғары дайындық көрсеткен полиция қызметкерлері де мәре сызығын сәтті қиды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер мен қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

#заңжәнетәртіп

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар