Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Астанада Astana AI Film Festival халықаралық фестивалі өтуде

1–3 қазан күндері Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдердің халықаралық фестивалі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) өтуде. Фестиваль AI & Digital Bridge 2026 аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект пен киноиндустрияның тоғысында жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған.

Биыл фестивальге әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім келіп түскен. Байқаудың негізгі тақырыбы – «The Future Worth Living In» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ»). Фестиваль бағдарламасында фильм көрсетілімдері, авторлар мен сарапшылардың кездесулері, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қарастырылған.

Astana AI Film Festival Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі кино мен цифрлық шығармашылықты дамытуға, халықаралық авторлар қауымдастығын қалыптастыруға және жаңа технологиялардың шығармашылық индустрияларға ықпалын көрсетуге арналған халықаралық алаң ретінде өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар