Понедельник, 5 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз болу – білім берумен ғана шектелмейтін, ұрпақтың ой-санасын қалыптастырып, оның өмірлік бағытына жол сілтейтін үлкен жауапкершілік. Сіздердің әрбір сабақтарыңыз, ақыл-кеңестеріңіз бен шәкіртке деген жанашырлықтарыңыз – елдің ертеңіне қосылған өлшеусіз үлес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласын дамыту, ұстаз мәртебесін көтеру бағытында игі бастамалар көтеріп, үлкен қолдау көрсетіп келеді. Түркістан өңірінде де білім саласын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, ондаған жаңа білім ұялары ашылды. Білім инфрақұрылымы жақсарды. Бұның бәрі – білім сапасын көтеруге бағытталған қадамдар.

Бүгінде облысымызда 83 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Орта білім беру ұйымдарында 66 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Өңіріміздегі білім саласының дамуына, мектептеріміздің жетістіктеріне, дарынды шәкірттердің биіктен көрінуіне өз еңбектерімен үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін. Білім сапасын арттырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеп келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.

Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылық табыс пен кәсіби шабыт тілеймін. Шәкірттеріңіздің жетістігі еселеніп, берген білімдеріңіз бен тәлімдеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар