Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өңірде мобильді топ құрылып, рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Кезекті рейдік жұмыстар Түлкібас ауданында ұйымдастырылып, саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, сондай-ақ халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар тексерілді.
Аралау барысында тазалық қағидаларын бұзудың 37 фактісі анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық орында, демалыс аумақтарында, саябақтарда, базар аумақтарында анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 5 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар, сондай-ақ 505-бабы бойынша 15 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушыларға жалпы 648 750 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Одан бөлек, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс аумағында аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
#ТазаҚазақстан
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУДЫҢ 37 ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ




