Бұрын әр мекемеге бөлек жолданатын арыз-шағымдар бір платформада жинақталды.
Азамат өтінішінің қай мекемеге, нақты қай маманға түскенін, оның қалай қаралып жатқанын онлайн бақылай алады. Жауаппен келіспесе, шешімге сол жерде-ақ шағым түсіруге мүмкіндік бар. Осылайша азамат пен мемлекеттік орган арасындағы хат алмасу ашық әрі біртұтас диалог алаңына айналды.




