Среда, 30 сентября, 2026
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

62 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің басты көшелерінің сәулеттік келбетін бірыңғай ету мақсатында 62 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылады. Жергілікті бюджеттен қаралған қаражат есебінен 46 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Қалған 16 тұрғын үй бойынша мердігер мекемелер анықталып, олармен тиісті келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарда Әл-Фараби ауданында 32, Қаратау ауданында 18, Тұран ауданы бойынша 12 тұрғын үй қаралған. Бұл бағыттағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар