Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Жұмабекұлы мен Сәрсен Абайұлы қазан айында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жиында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, ішкі саят және жастар істері жөніндегі басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі




