Среда, 30 сентября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай ауданының Самал-3 шағынауданында тазалық іс-шарасы өтті. Аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, белсенді тұрғындар Б.Момышұлы және Шұбаркөл көшесінің бойында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Көше бойын, ирригациялық жүйелерді қоқыстардан арылтып, шөптерді ору жұмыстары атқарылды. Аудан әкімдігінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Ерғали Әбіловтің айтуынша, бүгінгі іс-шараға жалпы 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Бұл шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, және қаланың тазалығын сақтауға бағытталған. Акция барысында еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ аудан қызметкерлері қатысып, қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарын атқарды.
Аудан әкімдігі ұйымдастырған акцияның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарды тазалыққа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру.
Жергілікті тұрғындар, шағынауданның ардагерлер кеңесінің мүшелері де экологиялық акцияға белсенді қатысты. Тазалық жұмыстары одан әрі жалғасын табады.

Ғабит Сыздықбеков
Сәрсен Құранбек
Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент
Шымкент қаласының әкімдігі
Абай Ауданы Әкімінің Аппараты

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар