Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БЕС ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде спорт және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
🔷 Қала тұрғындарының 42%-ы бұқаралық спортпен айналысады. Биыл Шымкент спортшылары Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 768 алтын, 642 күміс және 724 қола медаль жеңіп алды.
— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық жаңа заманауи стадионның құрылысын бастадық. Қазіргі уақытта стадион аумағында жер жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 1 000 адамға арналған «Еламан» спорт кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалада 500 адамға арналған «SPORT LIFE» шағын футбол орталығының құрылысы аяқталады», – деді Ғабит Сыздықбеков.
🔷 Сонымен қатар, әкім денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жаңарту деңгейі 86,5%-ды құрайды. Биыл 46 дәрігер Ресей мен Түркия клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін тағы 29 дәрігер біліктілігін жетілдіреді.
🔷 Бұдан бөлек, алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес осындай бөлімше, сондай-ақ балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады. Жедел жәрдем қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында 23 арнайы көлік сатып алынды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар