Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аудандық басқармалары халыққа бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жалғасуда. Бұл қызметтер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Барлық қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді және электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Болат Нұрманов айтты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі іске қосылған. Денсаулық сақтау органдары, оның ішінде Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың шілде айынан бастап пилоттық режимде жаңа әдісті пайдаланып конкурстарды өткізуде. Іріктеудің және конкурс өткізудің жаңа рәсімі агенттіктің ақпараттық жүйесінде, интернет-порталында жүргізілмек.
Жаңа рәсімде іріктеу және конкурсты өткізу процесі әңгімелесуге дейін электронды түрде жүргізіледі, ал әңгімелесу жүйеде онлайн түрде өткізіледі. Әңгімелесуде міндетті түрде комиссияның үшінші тарап мүшесі қатысады, ол басқалармен тең дәрежеде сұрақтар қойып, өз бағасын береді. Сұрақтар алдын ала бекітілмейді, Конкурстық комиссияның мүшелері үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға, ашықтықты, ойды анық, қисынды түрде білдіру қабілетін анықтауға, сондай-ақ жеке құзыреттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтарды қояды.
Комиссия мүшелері бір-біріне ықпал ете алмайды, комиссия мүшелері онлайн түрде қатысады, онлайн сұхбаттан кейін әркім өз бағасын береді. Ұпайлар автоматты түрде есептеледі және сұхбаттың жазбасы жүйеде сақталады,-дейді Болат Нұрманов
Жаңа процесс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады және кандидаттар арасындағы кез келген теңсіздікті жояды деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар