Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«СЕНДЕГІ МЕНІ ӨШІРМЕ…» ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деп Ғабит Мүсірепов бекер айтпаса керек. Сол өнер деген даңғыл жолды Алаш зиялылары өркендетсе, өткеннің ізін өшірмей келер ұрпаққа жалғастырған дара тұлғалар бүгінде ортамызда. Олар ел ішінде жүріп, түрлі мәслелерді өлең-жырмен жеткізген. Өршіл мінезі арқылы басшылықтан қаймықпай, халықтың мұңын жеткізді. Ол хан қызындай Ханбибі Есенқарақызы.
Бүгінге дейін еліміздің түкпір-түкпірінде Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығымен түрлі қойылымдар, әдеби кештер мен конференциялар ұйымдастырылған еді. Күні кеше Ж. Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театры «Сендегі мені өшірме» поэтикалық толғауының премьерасы көпшілікке ұсынды. Қойылымға Ханбибі Есенқарақызы, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және мәдениет өкілдері қатысты.
Бұл қойылымда жастар арасында ажырасудың көбеюі мен қоғамдағы түрлі өзгерістердің әсері туралы ой қозғалды. Қазіргі жас отбасылардың алдында тұрған қиындықтар мен күресі, махаббат пен сатқындық, сезім мен сенім поэзия мен музыка тілінде сөйледі.
Жас отаудың күйін қашырған оқиғалар шеңберінде өрбіп отырған қойылымның қоюшы режиссері Мөлдір Айдарқызы. Дайындыққа бірнеше ай уақыт жұмсадық. Ақынның Нурикамал әніне кино түсіріліп, спектакльдер қойылып жатыр. Біз басқаша форматта, ерекшелікпен, жастардың талғамына сай туынды әзірледік. Ғұмырлы болады деген сенім көп,-дейді қоюшы режиссер.
Кеште көрермендер ақынның рухани әлемімен танысып, оның шығармашылығын тереңірек ұғына алды. Қала әкімінің орбасары Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімінің ықылас гүлін табыстап, құттықтады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар