
Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл толуына орай қоғамдық кеңес мүшелерін, қаланың құрметті азаматтарын, белсенді азаматтарды «Жергілікті өкілді органдардың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Марапаттан соң күн тәртібіне сәйкес 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев сөз алды. Ол өз сөзінде,
2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасы туралы айтты. Сондай-ақ, Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Улугбек Мылтықов
жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы басқарма басшысы Керімжанов Мерлан Абдрахманұлының, Цифрландыру басқармасының 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы сөз басқарма басшысы Мұхит Кемелов баяндама жасады.
— Қала аумағында ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында Басқарма 2023 жылы «Өңіраралық байланыс инспекциясымен» бірлесе елді мекендерге талдау жүргізіп, ұялы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықтады. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен 35 нүктегебазалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 33 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді. «Kcell» АҚ өз жоспарына сәйкес, 133 базалықстанцияны 5G технологиясымен, �116 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім арқылы 47 базалық станция іске қосылды. 2024 жылы, Өңіраралық байланыс инспекциясы 43 нүктеде кемшіліктер анықталды,-деді Мұхит Кемелов.
Ал, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен ағымдағы жылы жалпы 156 құрылыс объектілері бойынша 312 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде, 60 583 114 теңге өндірілген.
Тексеру нәтижелерінде 138 құрылыс нысандарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Кеңес отырысында баяндамашыларға сұрақтар қойып, бірнеше ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта, кеңес мүшелері бұл жұмыстап қоғамдық бақылауда болатынын жеткізді.




