Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

КӘМІЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС САНЫ ӨСКЕН

Бүгін Шымкент қаласы прокурорының төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қала прокуроры Ғабит Мұқанов құқық қорғау және уәкілетті органдардың назарын профилактикалық шараларды күшейтугк, кез келген құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділік» принципін енгізу керектігін айтты. Өйткені, Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту, суицид оқиғаларын төмендету басты назарда. Бала құқығын қорғау, сондай-ақ заңсыз есірткі саудасымен күресу үшін, ұйымдастырылған іс-шаралар күн тәртібінен түскен емес. Бұл жиында дағдарыс жағдайында жүрген студенттерді дер кезінде анықтау шаралары да сөз болды. Ғабит Мұқанов білім беру ұйымдары мен мекемелеріндегі психологтардың жұмысын қайта қарау керектігін тапсырылды.
— Ағымдағы жылы тіркелген қылмыс саны төмендегенімен, қоғамдық тыныштықты бұзған қылмыстар өскен. Елдің болашағы жастарда, сондықтан олардың тербиесі мен қауіпсіздігі ерекше назар аударуды талап етеді. Биыл кәмілетке толмағандар жасаған жене оларға қарсы жасалған қылмыстар өскен,- деді қалалық прокуратура басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев.
Жыл басынан бері мобильдік топтармен жүргізілген рейд нәтижесінде 5 мыңнан астам кәмілетке толмағандар заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауйық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ 600-ден астам бала бейімдеу орталығына орналастырылған.
Есірткі саудасымен күрес тек құқық қорғау және мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Үйлестіру кеңесінде құқық бұзушылықпен күрестегі жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін коммуналдық қызметкерлер мен студент жастарға алғыс хаттар табыс етілді. Қала прокуроры қорытындылай келе көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар