Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ҚАЛА БАСШЫСЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында Абай ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін жаңа аспалы көпірдің ашылуына қатысты. Халықпен көшпелі кездесу кезінде Игілік тұрғын алабының азаматтары жаяу жүргіншілер көпірін салу туралы өтініш білдірген болатын. Көпір бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды. Құрылысқа бастамашы болған компания өкілдеріне қала тұрғындарына жасалған игі іс үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, бүгін Еңбекші ауданы, Елшібек батыр көшесінде және Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үйлер арасында жаңа гүлзар ашылды. Жүргізілген жұмыстармен танысу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Мердігер ұйым өкіліне анықталған олқылықтарды тез арада түзетуді тапсырды.
Бұдан бөлек, Қаратау ауданындағы Бозарық шағынауданында Ана тілі және Алмас қылыш көшелерінде балалар және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Қазіргі заманға сай балалар мен спорт алаңшаларын салу – қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Көшпелі кездесулер мен азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар қоғамдық орындар бойынша жиі ұсыныстар білдіреді. Бұл алаңшалар балалар мен ата-аналардың көңілінен шығып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады.
Сонымен қатар, қала басшысы аудан әкіміне келесі жылдың жұмыс жоспарына Бозарық шағынауданында Мәдениет үйінің құрылысын енгізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар