Пятница, 2 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ҚАЛА ӘКІМІ ШЫМКЕНТТІҢ ҮЗДІК ЭНЕРГЕТИКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде елімізде Энергетиктер күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке энергетика саласындағы еңбекқор мамандардың еңбегін елеп, олардың ел инфрақұрылымын дамытудағы рөлін ерекше бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі мен елдің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар энергетика қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Бүгін қала әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шымкент қаласының энергетика саласындағы үздік мамандарды «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және алғыс хаттармен марапаттады.
Энергетика саласының маңыздылығы әрбір отбасының өмірінен-ақ көрінеді. Үйдегі жарық пен жылу, таза ауызсу мен басқа да тұрмыстық қажеттіліктер – осы мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Энергетика тек ауқымды салалардың бірі ғана емес, ол ұдайы білікті мамандарға сұранысы жоғары сектор.
— Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, амандық және ауыр еңбектеріңізде одан әрі табыс тілеймін!, — деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл маңызды шешім жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға септігін тигізеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар