Пятница, 2 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

 


Шымкенттік жазушылар одағының жылдық есеп беру жиыны жоғары деңгейде өтті. Әдебиетсүйер қауымды бір шаңырақ астына жинаған бұл шараны жазушылар одағының Шымкент қалалық өкілі, белгілі қаламгер, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы жүргізді.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, мәдениет басқарма өкілдері, қоғам белсенділері, қалалық ақын-жазушылар және журналистер қатысты. Алқалы жиында қаламгерлер бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, келер жылға арналған жоспарларын ортаға салды.
Көрнекті жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Злиха Жантасова ақын-жазушылардың жарыққа шығарған кітаптары мен жеткен жетістіктері жөнінде жан-жақты баяндама жасады. Сонымен қатар, жиын барысында жазушы, драматург Захардин Қыстаубайұлы және ақын Ханбибі Есенқарақызы сөз сөйлеп, қаламгерлер қауымының бүгінгі жай-күйі мен әдебиеттегі өзекті мәселелері жайында ой білдірді.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы жазушылардың шығармашылық еңбегіне қолдау көрсету мақсатында көптен бері көтеріліп жүрген мәселелерді тыңдап, олардың шешімін табуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Жылдық жиын қаламгерлердің бір-бірімен пікір алмасуына, өзекті тақырыптарды талқылауына мүмкіндік берген маңызды басқосу болды. Бұл жиын қазақ әдебиетінің Шымкенттегі өрісін кеңейту жолында жасалған тағы бір маңызды қадам ретінде бағаланды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар