Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Халықтың медициналық сақтандыру жүйесіне тартылуы – басты міндет

Шымкент қаласында халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуын арттыру бағытындағы жұмыстар қарқын алуда. 2025 жылдың алғашқы айларында 329 870 адам сақтандырылмаған болса, бес айдың ішінде бұл көрсеткіш 56 925 адамға азайды. Осы нәтижелер жүйелі ақпараттық жұмыстар мен салааралық өзара іс-қимылдың көрсеткіші деуге болады.

Соңғы дерек бойынша, қала халқының саны – 1 271 228 адам. Оның 1 033 736-сы, яғни 81,3%-ы сақтандырылған, ал 237 492 адам (18,7%) әлі де сақтандырылмағандар қатарында қалып отыр. Бұл – маңызды мәселе. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осал әлеуметтік топтар үшін медициналық сақтандыру жарнасын жергілікті бюджет есебінен төлеу қажеттігін атап өтті. Соған сәйкес, қала әкімдігі мен емханалар сақтандырылмаған тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізуде.

2025 жылғы 18 маусымнан бері жүргізілген үздіксіз жұмыстың нәтижесінде 6 434 адам сақтандырылды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі денсаулық сақтау – ұлттық қауіпсіздік пен адами капитал сапасының негізі. Осы орайда, ақпараттық түсіндіру шараларын күшейтіп, азаматтардың өз мәртебесін тексеріп, жүйеге қосылуын қамтамасыз ету – басты басымдық болып отыр.

Мамандардың айтуынша, сақтандыру жүйесіне қатысу тек медициналық қызметке қолжетімділікті арттырып қана қоймай, тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін де күшейтеді. Әсіресе, созылмалы аурулардың алдын алу, уақытылы тексеруден өту және сапалы ем алу үшін сақтандырудың маңызы зор. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін онлайн сервистер арқылы мәртебені тексеру және жарналарды төлеу мүмкіндіктері кеңейтілуде. Сонымен бірге, жұмыс берушілердің де қызметкерлерін толық сақтандыруға мүдделі болуы қажет. Бұл – еңбек өнімділігін арттырумен қатар, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды қадамдардың бірі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар