Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«ЖЕР-2025»: Шымкентте республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камаловтың басшылығымен өткізілуде.

Екі күн ішінде жаттығуға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі жедел қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлестірудің тәжірибелік дағдыларын пысықтайды. Іс-шараның мақсаты – зілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі таңғы сағат 08:00-де басталды. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары, сондай-ақ, ТЖМ бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ, зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған шатырлы қалашық құрылды.

«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына №52859, 28237 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінің, Апаттар медицинасы орталығының 269 адамы және 90 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жаттығу барысында шартты түрде болған жер сілкінісі, өрт және химиялық апат сценарийлері бойынша іс-қимылдар жүргізіледі. Қатысушылар іздестіру-құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті аймақтан эвакуациялау және инженерлік-қорғаныс шараларын пысықтайды. Сондай-ақ, байланыс жүйелерінің тұрақтылығы, жедел ақпарат алмасу және түрлі қызметтердің бірлескен жұмыс үйлесімділігі тексеріледі. Іс-шара барысында төтенше жағдайлар кезіндегі халықты ақпараттандырудың заманауи әдістері, дрондар мен мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы мониторинг жүргізу тәсілдері қолданылуда. Оқу-жаттығу нәтижелері қорытындыланып, анықталған кемшіліктерді жою және жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар