Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Қысқы маусымға дайындық: жылу жүйелері тексерілді

Шымкент қаласы мәслихатының уақытша комиссиясы жылу маусымына дайындық шаралары бойынша бірқатар нысандарды аралады. Қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов дайындық іс-шараларын пысықтады.

Көпшілік алдымен Нұрсәт шағынауданындағы «АДЦ-160 Гкал» қазандығын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Аталған шаралар жылумен қамтамасыз етуді жақсартып қана қоймай, пайдалану шығындарын азайтады және жылу көзінің тұтынушыларға жақын орналасуын пайдалана отырып, жылыту режимін жылдам реттеуге мүмкіндік береді.

Аталған қазандық көпқабатты үйлерді және әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді. Биыл қазандыққа 12 көпқабатты үй қосылған «Қуатжылуорталық-3» мекемесі өкілдерінің айтуынша, жалпы 350 үйге дейін резерв бар. Қазандықты қаланың солтүстік бөлігіне қосу жобасының екінші кезең жұмыстары аяқталған.

Қала мәслихатының төрағасы баламалы қуат көзін қамтамасыз ету, пайдалану шығындарын азайту жұмыстарын күшейту қажет екенін міндеттеді. Нысанды жаңғырту бойынша тиісті қаражат мәслихат сессиясында қаралатынын атап өтті. Сондай-ақ, бүгінгі іс-шарада көпшілік Күншығыс шағынауданы №24 үйдің аумағындағы жылу желілерін ауыстыру, 16 шағын аудандағы №41 үйдің жылу жүйелерін жаңғырту, жұқпалы аурулар ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Б.Нарымбетов мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде орындау қажет екендігін айтты.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері білім беру және денсаулық сақтау нысандарындағы жылыту жүйелерінің дайындығын тексеріп, қысқы маусымда апатты жағдайлардың алдын алу үшін алдын ала шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Жауапты мекемелерге жылу құбырларындағы ақауларды дер кезінде жою, жабдықтарды толық техникалық тексерістен өткізу және отын қорының жеткілікті болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар