Среда, 30 сентября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛҒАН: КӨРМЕДЕ ҮЗДІК ТАУАРЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқау-көрмесі мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі ұйымдастырылды. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков көрмені аралап, азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясындағы 100-ден астам компания мен тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты. Олардың арасында халыққа етене таныс «Сайрам-нан», «Фиркан», «Бал текстиль», «Экофарм», «Карлскрона» және басқа да ірі компаниялармен қатар жаңа кәсіпкерлік нысандар да бар.

Іс-шара аясында «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқауының жеңімпаздары арнайы марапатталды. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары-2025» республикалық байқауына қатысады. Тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдық бірлестіктер және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын іріктейтін болады. Олар «Халық тұтынатын үздік тауарлар»,«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»,«Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша марапатталады.

Ал «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында үздік деп танылған кәсіпкерлерге 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грант қаржысын иеленуге мүмкіндік беріледі. Мұндай шаралар жергілікті өндірісті дамытуға, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және отандық брендтердің беделін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл көрме кәсіпкерлер үшін жаңа серіктестер табуға, өз өнімін кеңінен насихаттауға және нарықтағы сұранысты зерделеуге тамаша мүмкіндік болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай жоба өңірлік деңгейде тұрақты түрде өткізіліп, кәсіпкерлік пен инновацияны қолдаудың маңызды алаңына айналады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар