Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Инвестиция және ШОБ: Табыс, жұмыс және сапалы өмір

Инвесторларға қолайлы орта нәтижесінде биыл тартылған инвестиция 536 млрд теңгеге жетіп, өткен жылға қарағанда 9 пайызға артты. 2028 жылға дейін қалаға 5,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қазір құны 2,7 трлн теңге болатын, 30 мыңнан аса жұмыс орнын қамтитын 220 жобаның пулы жасақталды. Солардың ішінде «Alarko Holding»-тің 650 млн долларлық жылыжай кешені (650 га) бар: 500 гектары жылыжай, 150 гектары оқу-өндірістік инфрақұрылым. Бірінші кезеңге 208 гектар бөлініп, 226 млн долларлық жұмыстар басталды. Польшаның «Fabe Polska» компаниясымен 200 млн доллар көлемінде 150 гектарда жоғары технологиялы жылыжай салу туралы келісім жасалды: жылына 36 мың тонна өнім және 800-ден аса жұмыс орны.

Энергетикада «AKSA energy»-мен қуаты 500 МВт бу-газ қондырғысын салуға 700 млн долларлық келісімге қол жеткізілді. Бұл электр және жылумен жабдықтау сапасын арттырып, өндіріс үшін қуат резервін кеңейтеді. «Intertrans» компаниясымен 150 млн долларға мұнай өнімдерін терең өңдеп, ұнтақталған полипропилен шығаратын зауыт салу көзделген (30 га). Жоба химия-полимер тізбегін дамытып, импортты алмастыруға ықпал етеді.

ШОБ – қалалық экономиканың өзегі. Белсенді субъектілер саны 136 мыңнан асты, онда 226 мыңнан астам адам еңбек етеді; ШОБ үлесі 56 пайыз. Кәсіпкерлікті қолдауға 23,5 млрд теңге қарастырылды. «Шағын өндірістік алаңдар» (Өндіріс паркі) жобасы басталып, 54 мың шаршы метр аумақта үш кешен салынып жатыр. Бөлшек салық мөлшерлемесі 4-тен 2 пайызға төмендетілді – бұл бизнеске ашық жұмыс істеуге ынта беріп, түсімді еселеді. Жеті базарды стандартқа сәйкестендіру қарастырылып, үшеуі жаңғыртудан өтті.

Әлеуметтік салада 45 мыңнан аса адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, 32 мыңға жуығы тұрақты жұмыс тапты; әлеуметтік көмек алушылар саны 30 пайызға азайды. 15 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жергілікті бюджет есебінен қосымша 50 мың теңгеге көтерілді (10 млрд тг). Бюджеттік саладағы орташа жалақы 140 мың теңгеден асты, өңірлік орташа жалақы 12,5 пайыз өсіп, 304 мың теңгеге жетті. «Жайлы мектеп» жобасымен 28 мың орындық 18 мектеп салу жоспарланған: биыл 3 200 орындық екі мектеп ашылды, жыл соңына дейін тағы тоғыз мектеп аяқталады. Тұрғын үй бойынша 1,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Қаланың бюджеті 779 млрд теңгеге жетті.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар