Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Өнімнің сапасын арттыру мәселесі өзімізге байланысты

Соңғы жылдары бизнесті қолдауға қатысты жан-жақты шараларды қамти отырып, мемлекет отандық тауар өндірушілерден өз өнімдерінің, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін көтеріп, орынды талапты алға тарта бастады. Кез келген мәселеде бәскелестік бірінші орынға шығып отырған қазіргідей заманда мұндай талаптың болуы заңды да. Басқасын айтпағанның өзінде, ең алдымен қазақстандықтар жоғары сапалы, таза әрі пайдалы өнімді тұтынуға құқылы әрі солай болуы да шарт.

Ал халық денсаулығы мемлекетіміздің стратегиялық сипаттағы маңызды мәселелерінің бірі. Тіпті, мұның ар жағында мемлекет үшін аса маңызды азық-түліктік, экономикалық қауіпсіздік секілді басқа да дүниелер қамтылады. Экономикаға келетін болсақ, сапалы тауарлар мен қызметтер ұсына білудің өзі импорттық бағытқа жол ашып қана қоймайды, мұның сыртқы нарықтағы ұстанымды күшейте түсетіні айқын. Бұл ретте мемлекет әкімшілік кедергілерді жою, салықтық жеңілдіктер ұсыну, бизнесті жосықсыз тексерулерден тыю секілді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан өнім сапасын арттыру үшін ынталандыру тетіктерінің тиімділігі де жыл сайын жақсы көрініс табуда. Дәл осы мақсатта елімізде осымен бесінші мәрте ҚР Президентінің сапа саласындағы жетістігі үшін берілетін «Алтын сапа» сыйлығы, ал 2001 жылдан бері қарай «Қазақстанның үздік тауарлары» атты конкурстар өткізіліп келеді.

Әлемдегі кез келген өнімнің бәсекеге қабілеттілігі екі өлшеммен анықталады. Тұтынушы үшін айтатын болсақ, баға мен сапа. Біздің жағдайымызда, тауар нарығы импортқа толған кезде, отандық өндірушілер өздері өндіретін өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы есебінен ғана бәсекелестік артықшылықтарға ие бола алады.

Отандық өнімнің сапасын тұрақты арттыpyға жоспapлы түрде көшуін Қaзaқстaнның ЕAЭO мен ДСҰ-ға мүшелігі бойынша тығыз экономикaлық интeгрaция процeсі құптайды. Бұл тұрғыдa ең пәрменді шapaлаpдың біpі – отaндық сaпa стaндaрттapын хaлықapaлық тaлаптаpға сәйкес қaйта қapaу.
Біздің еліміз бұл жолмен бұрыннан келе жатыр. Атап айтқанда, 2004 жылы қабылданған, бұрын қолданыста болған “Сертификаттау туралы” және “Стандарттау туралы” заңдарды алмастырған “Техникалық реттеу туралы” заң қазақстандық өнім сапасының өсуіне елеулі әсер етті. Ол осы саладағы ойын ережелерін нақты анықтады: оған өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі сияқты ұғымдар ғана емес, сонымен қатар өндіріс кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұтынушыларды өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты адастыруы мүмкін әрекеттердің алдын aлу шарттары енгізілді.

Бұл шара ішкі және сыртқы нарықтарға ұсынылатын қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік бергенін айтуымыз керек. Бірақ “ойын ережелері”, қолданыстағы стандарттар ескіреді. Демек, оларды сақтау үшін де, бәсекелестік артықшылықтарды арттыру үшін де тез арада қайта әдіс-тәсілге қайта қарау керек. Оның үстіне, соңғы онжылдықтың жалпы әлемдік тренді барлық елдердің үкіметтері жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта жарақтандыруға және өндірушілерді экологиялық таза өнімді қолайлы бағамен шығаруға мүмкіндік беретін технологиялар мен инновацияларды енгізуге ынталандыруға қабылдаған бағыт болды.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік танытқан жаңа деңгейінің көрінісі осындай. Экспортқа шығатын өнім саны арта түскен тұста Қазақстан экономикасы қазіргіден әлдеқайда жақсарады. Ұлттық кодты елге таныстыру – отандық өнімді дамыту.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар