Воскресенье, 4 октября, 2026
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ САПАСЫ МЕН ӘУЕ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын жаңғырту мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды жобалар қолға алынып отыр. Соның бірі – ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс салмақпен жүруін қадағалайтын автоматтандырылған өлшеу станциялары. Бұл бастама жолдардың мерзімінен бұрын тозуына жол бермей, олардың сапасын ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, алғашқы үш станция осы жылы іске қосылды. Олар Шымкент–Сайрам және Шымкент–Қарамұрт бағыттарында орналасқан. Қазан айының 15-інен бастап аталған нысандар толық қуатында жұмыс істеп, артық салмақпен жүрген көлік иелеріне заң аясында айыппұл салына бастайды. 2026 жылға дейін қала аумағында тағы алты нүкте ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жолдардың сақталуына ғана емес, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне де зор үлес қосады.

Инфрақұрылымдық дамудың тағы бір маңызды бағыты – әуе қатынасы. Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы басталады. Бұған дейінгі жолақ соңғы рет 2007 жылы жөнделген болатын. Уақыт талабына сай жаңа нысан 3500 метр ұзындықта, 60 метр енімен салынып, ИКАО-ның ІІІ санатына толық сәйкес келмек. Жаңа жолақ заманауи жарық-сигналдық жүйемен жабдықталып, ауа райы қолайсыз жағдайда да ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, төзімділігі жоғары жабынды ауыр жүк ұшақтары мен ірі жолаушы лайнерлерін ешқандай шектеусіз қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл Шымкент әуежайының өңірдегі ең ірі транзиттік орталықтардың біріне айналуына жол ашады.

Жалпы, жол және әуе инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бұл екі ауқымды жоба Шымкенттің транзиттік әлеуетін арттыруға, экономиканың өсуіне және халықаралық байланыстардың кеңеюіне ықпал етпек. Автоматтандырылған өлшеу бекеттері жолдардың ұзақ мерзім бойы сапалы сақталуына ықпал етсе, жаңа ұшу-қону жолағы бүкіл өңірдің логистикалық мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтереді. Бұл жобалар ел Президентінің Жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерді орындаудың нақты көрінісі болып табылады.

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар