Воскресенье, 4 октября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын табуда. Бұл бастама — еліміздің барлық аймақтарында қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуге бағытталған маңызды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Астана» шағын ауданында ағаш отырғызу акциясына қатысып, бірқатар көшеттерді отырғызды. Іс-шараға қаланың түрлі ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері, еріктілер және жастар белсенді қатысты. Егілген ағаштар шағын ауданның жасыл аймағын кеңейтіп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Акция барысында мегаполис басшысы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті:

— Ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтады. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен әсем келбетіне үлес қосуы тиіс, – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала басшысы тұрғындарды табиғатты қорғауға, жасыл кеңістіктерді көбейтуге және қоғамдық бастамаларға белсенді атсалысуға шақырды. Оның айтуынша, экологиялық мәдениетті дамыту – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті.

Бүгінде Шымкент қаласында күзгі көгалдандыру маусымы қарқынды жүріп жатыр. Орталық көшелер мен саябақтарда, гүлзарлар мен тұрғын үй аулаларында ағаш отырғызу және көгалдарды абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар қаланың жасыл желегін ұлғайтып қана қоймай, ауа сапасын жақсартуға, шаһардың эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан экологиялық бастамаларды тұрақты түрде қолдау көзделіп отыр. Алдағы уақытта да «Жасыл қала», «Эко-апта» және «Бір күн – бір ағаш» сынды жобалар жалғасын тауып, қала тұрғындарының табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға сеп болады.

Мұндай акциялар қаладағы ұйымдар, мектептер мен жоғары оқу орындары арасында да кеңінен таралып келеді. Бұл өз кезегінде жастарды табиғатты аялауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға тәрбиелейді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар