Воскресенье, 4 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі Шымкент қаласында салтанатты түрде бастау алды. Бұл ауқымды іс-шара – жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, ұлттық құндылықтар мен егемендік идеяларын дәріптеуге бағытталған маңызды алаң болып отыр.

Турнирдің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қатысып, қатысушыларға жүрекжарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде пікірсайыс мәдениетінің жастарды көшбасшылыққа, еркін ойлау мен дәлелді пікір айтуға тәрбиелейтініне тоқталып, бұл турнирдің Республика күні қарсаңында өтуі – еліміздің болашағы саналатын жас буынға үлкен сенімнің көрсеткіші екенін атап өтті.

Биылғы турнирге еліміздің тоғыз өңірінен, соның ішінде Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам мықты команда жиналды. Әр өңірдің намысын қорғап келген қатысушылар білімділік, тапқырлық, шешендік қабілет пен логикалық ойлау тұрғысынан өзара бақ сынасуда. Мұндай ауқымды зияткерлік дода жастардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, еліміздің бірлігі мен азаматтық санасының артуына үлес қосады.

Турнир төрелігіне Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарынан іріктелген кәсіби пікірсайысшылар мен пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері тартылған. Барлығы 70-ке жуық білікті төреші сайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде. Бұл – пікірсайыс мәдениетінің елімізде жоғары деңгейде дамығанының айқын дәлелі. Әділқазылар құрамының кәсібилігі жастардың ең үздік идеялары мен тың көзқарастары әділ бағалануына жол ашады.

Турнир барысында қаралатын қарарлар қоғамның маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, заманауи технологиялардың дамуы, цифрлық трансформация, демократиялық институттардың қалыптасуы, құқықтық мәдениетті арттыру, білім беру жүйесін жетілдіру және жастар саясатының тиімді тетіктері жөніндегі мәселелер талқылануда. Қатысушылар тек пікір білдіріп қана қоймай, өз ұсыныстарын ортаға салып, қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастыруда.

Шараның басты мақсаты – ел жастарының интеллектуалдық әлеуетін арттырып, пікірталас мәдениетін жаңа деңгейге шығару, сондай-ақ ұлттық сана мен мемлекеттілік идеясын дәріптеу. Турнир «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» деген атаумен өтуі де бекер емес. Бұл – Қазақстанның ғасырлар бойғы тарихи жолын зерделей отырып, жарқын болашаққа батыл қадам жасауға үндейтін символдық ұстаным.

Екі күнге жоспарланған республикалық пікірсайыс турнирі ертең өз мәресіне жетіп, үздік командалар мен озық шешендер анықталатын болады. Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ең бастысы, бұл турнир жас буынның өзара байланысын нығайтып, ел дамуына үлес қосуға ынталандыратын маңызды платформа ретінде тарихта қалмақ.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар