Вторник, 6 октября, 2026
7.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң саласындағы сауаттылығын күшейту және тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында кең көлемді «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде қолдау тауып, халыққа құқықтық көмек көрсетудің тиімді алаңына айналды.

Іс-шараға прокуратура, полиция, әділет департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сот, адвокаттар алқасы және нотариустар палатасы секілді барлық салалық ведомстволардың жетекшілері қатысты. Сонымен қатар, тәжірибелі адвокаттар мен кәсіби заңгерлер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының заң факультетінің студенттері де атсалысты.

Акция барысында 1000-нан астам қала тұрғыны өздерін толғандырған сұрақтарына нақты әрі түсінікті жауап алып, отбасылық, еңбек, азаматтық, жер және әкімшілік құқық салалары бойынша кеңес алды. Әсіресе, тұрғындар арасынан әлеуметтік осал топтар – зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар белсенді қатысып, кәсіби мамандардан тегін заң көмегін алу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесуде азаматтарға өз құқықтарын қорғау жолдары мен мемлекеттік органдарға шағымдану тәртібі, сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды шешу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, тегін заң көмегін алу үшін қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар мен құқықтық порталдар таныстырылды.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде құқықтық мәдениет қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті:
«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: “Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады”. Сол себепті бүгін біз барлығымыз — прокуратура, полиция, әділет органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері — бір алаңда жиналып, әрбір азаматқа қолжетімді әрі тегін құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз. Бұл бастама әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған нақты қадам болып табылады», – деді қала прокуроры.

Іс-шара барысында тұрғындарға жеке өтініштерін қабылдау, құжаттарды рәсімдеу және құқықтық кеңес алу үшін арнайы бөлімшелер ұйымдастырылды. Кейбір азаматтардың мәселелері сол жерде шешімін тапса, күрделі істер бойынша тиісті органдарға жолданды.

«Халық заңгері» акциясы – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың көрінісі. Бұл бастама азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етіп, халықтың өз құқықтарын қорғауға деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай форматтағы акциялар алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп, әрбір тұрғынға кәсіби көмек пен құқықтық қолдау көрсетуді жалғастыратын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар