Вторник, 6 октября, 2026
7.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: ҚАРАША АЙЫНДА ҚАЛА МӘДЕНИ ӨМІРІН ЖАНДАНДЫРАТЫН БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек қараша айында өтетін маңызды мәдени іс-шаралар туралы кеңінен баяндады. Оның айтуынша, бұл ай Шымкенттің мәдени өмірі мен рухани жаңғыруына серпін беретін ерекше кезең болмақ.

Қараша айының басты мәдени оқиғаларының бірі – 21-22 қараша күндері өтетін «Miras» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлер форумы. Бұл форум түркі халықтарының бай мұрасы мен сәндік мәдениетін жаңғыртуға бағытталған маңызды алаң ретінде ұйымдастырылып отыр. Форум аясында ұлттық киім үлгілерінің тарихы мен олардың қазіргі заманғы сән индустриясындағы рөліне арналған ғылыми конференция өтеді. Сондай-ақ, түрлі елдерден келген қолөнер шеберлері мен этнодизайнерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Көрмелер мен жәрмеңкелерде ұлттық нақыштағы бұйымдар мен зергерлік өнер туындылары жұртшылық назарына ұсынылады.

Бағдарлама аясында түркі мәдениетінің сән әлеміндегі заманауи интерпретациясын көрсететін сән дефилесі ұйымдастырылып, көрермендер отандық және шетелдік этнодизайнерлердің ерекше топтамаларымен таныса алады. Сонымен қатар, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасы форумның көркін аша түспек. Барлық іс-шаралар қаланың мәдени кеңістігіндегі ірі нысандар – «Қызғалдақ» сарайы мен Көрме орталығында өтеді.

Мәдени бағыттағы тағы бір маңызды шара – 27-30 қараша аралығында Абай облысында өтетін Шымкент қаласының мәдениет күндері. Бұл сапар – өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және шығармашылық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастама. Шымкенттен арнайы барған шығармашылық делегация құрамында белгілі мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, суретшілер, жазушылар мен өнерпаздар бар.

Бағдарлама барысында көрермендер жазушы, ғалым Құлбек Ергөбек және абайтанушы Ақжол Қалшабекпен ашық сұхбат-кездесулерге қатыса алады. Сондай-ақ, «Шымкент сазы» атты үлкен концерттік бағдарлама ұсынылып, Шымкенттің шығармашылық ұжымдары өз өнерін паш етеді. «Көне қала – Шымкент» атты көрмеде қаланың тарихи бейнесі мен мәдени жетістіктері кеңінен таныстырылмақ. Бұған қоса, әзіл-сықақ театрының «Не істеу керек?» атты қойылымы абайлық көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлайды.

Бұл іс-шаралардың барлығы Шымкент қаласының мәдени әлеуетін арттыруға, ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуге және өңірлер арасындағы рухани байланысты күшейтуге бағытталған. Мұндай бастамалар ел ішінде мәдени әріптестікті дамытып қана қоймай, Қазақстанның мәдени келбетін айшықтай түседі.

Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден көруге болады:
👉 https://www.youtube.com/live/mP9jccfb70g?si=stxI4OA3bx20rutd

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар