Вторник, 6 октября, 2026
8.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ JERLEU.KZ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында жерлеу рәсімдерін жеңілдету, қызмет көрсету сапасын арттыру және осы саладағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа Jerleu.kz онлайн сервисі іске қосылды. Бұл платформа тұрғындарға жерлеу ісіне қатысты бірқатар қызметтерді электронды форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Енді азаматтар жерлеу орындарын тазалау, көгалдандыру, безендіру және күтіп ұстау сияқты қызмет түрлеріне онлайн түрде тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, портал арқылы қабіртастарды марқұмның аты-жөні бойынша іздеп, зираттың орналасқан жерін анықтап, 2ГИС картасы арқылы бағыт алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Аталған жоба Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, аудан әкімдіктері және «7 АТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл серіктестік – жерлеу рәсімдері саласында заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы тұрғындарға ыңғайлы әрі ашық қызмет ұсынуға бағытталған алғашқы бастамалардың бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда қала бойынша 655 жерлеу орны толықтай цифрландырылған. Оның ішінде Тұран ауданында – 482, ал Еңбекші ауданында – 173 орын тіркеліп, геолокация және деректер базасына енгізілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта басқа аудандарда да жалғасып, барлық зираттар бірыңғай электрондық жүйеге біріктірілмек.

Jerleu.kz сервисі тұрғындарға уақытты үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұрын мұндай қызмет түрлері тек офлайн форматта көрсетіліп келген болса, енді барлығы бірнеше минут ішінде онлайн түрде жүзеге асады. Порталда ұсынылатын қызметтердің барлығы лицензияланған компаниялар арқылы көрсетіледі, ал төлем жүйесі қауіпсіз әрі ашық механизммен іске асырылады.

Қазіргі таңда шымкенттіктер Jerleu.kz ресми сайты арқылы жерлеуге арналған өтінімдерді онлайн тіркеп, қажетті қызметтерді электронды түрде ала алады. Бұл бастама қала халқы үшін үлкен қолайлылық тудырып, цифрлық инфрақұрылымның дамуына серпін беріп отыр.

Толығырақ ақпарат алу үшін: YouTube Live сілтемесі

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар