Вторник, 6 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Президент Тоқаев агросаланы дамытуға арналған негізгі міндеттерді айқындады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып, агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жай-күйіне, оның стратегиялық маңызына және алдағы жылдардағы даму бағыттарына қатысты маңызды пікірлерін ортаға салды. Форумға еліміздің әр өңірінен келген шаруалар, саланың жетекші мамандары, инвесторлар, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық институттардың өкілдері барлығы – екі мыңнан астам адам жиналды.

Президент өз сөзінде биылғы он айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының 6,4 пайызға өскенін, бұл өсім ауыл шаруашылығы саласында да байқалып отырғанын атап өтті. Аграрлық секторға тартылған инвестиция көлемі 790 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3 пайызға өскен. Сонымен қатар, Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 32-орынға тұрақтап, халықаралық деңгейде де өз позициясын нығайтып келеді.

Дегенмен, Мемлекет басшысы елдің ауыл шаруашылық әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын айтты. Қазақстан жайылымдық жер қоры бойынша әлемде алтыншы орында, ал егістік алқабының көлемі жөнінен сегізінші орында тұр. Бұл көрсеткіштер агросекторды одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін әрі осы ресурстарды тиімді игеру – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі екенін көрсетті.

Президенттің мәліметінше, соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өсіп, 3,3 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Алдағы мақсат – 2030 жылға қарай бұл көлемді тағы кемінде екі есеге арттыру. Бұл үшін салада ғылымға негізделген тәсілдер енгізіліп, озық технологиялар қолданылып, өндірістік процестердің тиімділігін арттыру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл – халқымыздың тірегі, ұлттық рухани құндылықтардың қайнар көзі екенін айта келе, аграрлық саланы дамыту – елдің экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетігі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, алдағы жылдардағы негізгі басымдық – нақты нәтижеге бағытталған сапалы жұмыс, тиімді реформалар және қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану болмақ.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар