Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: ШАТҚАЛДАР МЕН ТАБИҒИ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ДАМУЫ

Шымкент қаласында тұрғындарға жайлы, таза және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты екі негізгі шатқал қызмет көрсетеді. Бұл шатқалдар қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындары ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық тұрақтылық пен жасыл желек аймақтарын сақтауда маңызды рөл атқарады.

“Шымсая” шатқалы Қаратау ауданында орналасқан және жалпы аумағы 8 гектарды құрайды. Қазіргі таңда бұл шатқалды «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жауапкершілікпен күтіп-ұстап отыр. Ағымдағы жылы шатқал аумағында күзгі ағаш отырғызу маусымы жүзеге асырылып, қосымша 8 200 дана көшет отырғызылды. Жасыл желекті көбейту, әртүрлі гүлдер мен ағаш түрлерін отырғызу арқылы шатқалдың табиғи көрінісін жақсарту, демалыс аймағын тұрғындар үшін тартымды ету жұмыстары жалғасуда. Шатқалдағы аллеялар мен серуен жолдары тұрғындардың күнделікті серуендеуіне, спортпен айналысуына және табиғат аясында демалуға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.

Самал шатқалы Абай ауданында орналасқан және көлемі 25,772 гектарды құрайды. Бұл кең аумақ тарихи тұрғыдан қалаға ерекше мәнге ие. Шатқал Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №548 қаулыға сәйкес, 2021 жылғы 2 ақпандағы қабылдау өткізу актісі арқылы берілген. Алайда, шатқал аумағында осы уақытқа дейін ешқандай қазба жұмыстары жүргізілмеген және 2021 жылдан бастап көгалдандыру мен абаттандыру үшін арнайы қаржы бөлінбеген. Сол себепті қазіргі таңда қала әкімдігі бұл аймақтарды сақтау және дамыту бойынша жүйелі жұмыстарды қолға алған.

Қала әкімдігі шатқалдарды қорғауды, жасыл желектерін көбейтуді және тұрғындар үшін демалыс аймағын дамыту бағытындағы іс-шараларды жалғастыруда. Шатқалдарды абаттандыру жоспарында серуен жолдарын кеңейту, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдарын, спорттық инфрақұрылымды орнату, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерге арналған демалыс орындарын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен қатар, экологиялық білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы қалалық тұрғындар арасында табиғатты қорғау және жасыл желекті сақтау мәдениетін дамытуға да көңіл бөлінуде.

Қала басшылығының айтуынша, шатқалдар мен табиғи кеңістіктерді сақтау және дамыту – Шымкенттің тұрақты экологиялық дамуына, тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасының артуына және жасыл инфрақұрылымды кеңейтудің маңызды бөлігі болып табылады. Болашақта бұл шатқалдардың аумағы қосымша жасыл желекпен толықтырылып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді, жайлы демалыс аймағына айналатын болады.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/IFG7_kEq8io?si=Cf2P7LizfkcP36ze
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар