Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан қаласында балаларға арналған жаңа қалалық оңалту орталығы ашылды. Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

Қанат Бозымбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары балалардың құқықтарын қорғауға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтіп, жаңа орталықтың өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын көтеруге ықпал ететінін жеткізді.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров орталықтың өңірдегі балалар денсаулығы саласына қосатын үлесін атап өтті және нысанды салып, өңірге сыйға тартқан «YDA HOLDING» компаниясына алғысын білдірді. Орталық Кираз Арслан мен Яшар Деде Арсланның құрметіне салынған.

Нысан туралы негізгі мәліметтер

  • Жоба құны: 2,7 млрд теңге

  • Ғимарат ауданы: 2 227,41 м²

  • Аумағы: 1,56 гектар

  • Қуаттылығы: 40 стационарлық орын, 20 амбулаторлық орын

Орталықта ортопедиялық, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық оталардан кейінгі оңалту, неврологиялық және орфандық аурулар бойынша қызмет көрсетіледі. Мекеме облыс бойынша балаларға арналған кешенді оңалту көмегін ұсынады.

Қосымша ақпарат

  • Түркістан облысында 0–14 жас аралығында 774 мыңнан астам бала бар.

  • Соңғы 5 жылда өңірде 300-ден астам әлеуметтік нысан салынды.

  • Қазіргі уақытта облыста 4 балаларды оңалту орталығы және 3 «Қамқорлық» орталығы жұмыс істейді.

  • 2024 жылы 14 153 бала оңалту көмегін алған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар