Воскресенье, 4 октября, 2026
11.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ

Қазан айының соңғы жексенбісі Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке – қоғамның ең сезімтал, қолдауға мұқтаж топтарына көмек көрсететін, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға өз үлесін қосып жүрген әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін мойындаудың айрықша белгісі. Әлеуметтік сала мамандары – адам жанының шипагері, жүректерге үміт сыйлайтын, қоғамда мейірімділік пен ізгіліктің салтанат құруына жол ашатын жандар.

Бүгінде Шымкент қаласында 1 913 әлеуметтік сала қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1 688 маман мүгедектігі бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі ересектерге, өз-өзін күте алмайтын азаматтарға және жалғызілікті қарттарға тұрақты қолдау көрсетеді. Бұл мамандар күнделікті еңбегі арқылы адамдардың тек тұрмыстық емес, психологиялық жағдайын жақсартып, оларды қоғамнан шеттетпей толыққанды өмір сүруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында 30 қызметкер жұмыс атқарып, балалардың қауіпсіздігі мен отбасылардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Ал 195 қызметкер халықты жұмыспен қамту, еңбекке баулу, кәсіптік оқыту сияқты маңызды бағыттарда қызмет көрсетіп, қала тұрғындарының әлеуметтік белсенділігін арттыруда.

Шымкент қаласында қазіргі таңда әлеуметтік көмек жүйесі жан-жақты дамыған. Қала аумағында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 1 санаторлық-курорттық орталық, мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы және отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұған қоса, еңбек мобильділігі орталығы мен әр ауданнан ашылған мансап орталықтары азаматтарға қызмет көрсетіп, олардың әлеуметтік қорғау жүйесіне қолжетімділігін арттыруда.

Арнаулы орталықтарда психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, 18 жастан асқан психоневрологиялық дерті бар жандарға және І-ІІ топтағы мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қызмет көрсету формалары да әртүрлі: стационарлық, жартылай стационарлық, уақытша болу және үйде қызмет көрсету. Бұл жүйе азаматтардың жеке жағдайына қарай арнайы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанына дейін қала бойынша 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Оның ішінде 752 азамат стационарда, 793 адам жартылай стационарда, 402 адам уақытша болу орталығында қажетті көмекті алған. Ал ең үлкен көрсеткіш – үйде қызмет көрсету бойынша көмек алған 1 289 азамат. Бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік қолдау жүйесіне деген сенімі мен сұранысының артып отырғанын көрсетеді.

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі – тек мамандық емес, жүректен шыққан азаматтық борыш. Олар әрбір адамның тағдырына жанашырлықпен қарап, көмекке мұқтаж жандарға үміт пен өмірге деген сенім сыйлайды. Сондықтан әлеуметтік сала қызметкерлері күні – мейірім мен адамгершілікті дәріптейтін ерекше мереке болып табылады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар