Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІ ЗАУЫТТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау» жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Іс-шара аясында кеңес мүшелері партияның «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша орындалу барысын талқылады.

Жиын барысында қатысушылар партияның Жол картасы шеңберінде 2024 жылы іске қосылған «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-нің керамикалық тақталар шығаратын өндіріс орнында болды. Зауыт жұмысы кеңес мүшелерінің ерекше назарын аударып, оң бағасын алды.

Жалпы құны 25,5 млрд теңгені құрайтын бұл жоба жылына 12,7 млн шаршы метр керамикалық плита өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда мекеме 350 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Дайын өнімнің 70 пайызы елімізде тұтынылса, қалған 30 пайызы шет мемлекеттерге экспортталады.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов және аймақтық кеңес мүшелері қатысты. Кеңес мүшелері зауыттың жұмысымен танысып, өндірісте атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігін атап өтті.

Кеңес мүшелері сондай-ақ зауыт қызметкерлерімен пікір алмасып, олардың еңбек жағдайлары, әлеуметтік қолдау шаралары және өндірістік қауіпсіздік деңгейімен танысты. Зауыт басшылығы алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және өнім түрлерін көбейту жоспары бар екенін жеткізді. Мұндай жобалар отандық өнеркәсіпті дамытуға, импортты алмастыруға және аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, жиналғандар өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану қажеттігін, инфрақұрылымды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың маңыздылығын талқылады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар