Среда, 30 сентября, 2026
20.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Ақсақалдар кеңесі – ұрпақтар сабақтастығы мен азаматтық қоғамның маңызды институты

Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі саналады. Бұл бағытта қоғамдық кеңестермен қатар Ақсақалдар кеңесі де қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосып келеді. Ел Президенті бастамашы болған реформалар мен Ұлттық құрылтайда көтерілген қоғамдық диалог қағидаттары азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыруға бағытталған.

Осы бағыттағы тағылымды іс-шаралардың бірі Келес ауданында өтті. Аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Абай ауылы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Көпбергеновтің бастамасымен Қоңыртөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Тұрсын Абдуллаевтың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсету кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қарияның саналы ғұмыры, ұзақ жылғы еңбек жолы, қоғамдық өмірдегі белсенділігі мен кейінгі ұрпаққа көрсетіп жүрген өнегесі сөз болды. Ел ағасының қоғамдағы беделі ерекше аталып, оған ізгі тілектер айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай кездесулер үлкенге құрмет көрсетудің жарқын үлгісі ғана емес, жастарды еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді тетігі болып табылады. Ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі қоғамдық келісімді нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет етеді.

Бүгінде Ақсақалдар кеңесі қоғамдық бастамаларды қолдап, тұрғындар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға белсенді атсалысып келеді. Осындай игі шаралар азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға, ұлттық дәстүрлерді кейінгі буынға жеткізуге маңызды үлес қосады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар