Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Ауыл шаруашылығына арналған арнайы отандық техника Татарстанға экспортталады

Қазақстандық «АгромашХолдинг KZ» АҚ мен татарстандық «Атехника» ЖШҚ арасында экспорттық келісімшарт жасалды. Келісім «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ(ЭКА) қолдауының арқасында мүмкін болды.

Келіссөз халықаралық «АГРОВОЛГА» агроөнеркәсіп көрмесі аясында өтті. Іс-шарада Агенттіктің Татарстандағы арнайы өкілі Ренат Қалиев импорттаушылармен бірқатар кездесу өткізді. Оның нәтижесінде ЭКА «АгромашХолдинг KZ» компаниясына шетелдік сатып алушының төлем міндеттемелерін орындамау тәуекелінен сақтандыру жолын ұсынды. Бұл келісім тауар құнын кейінге қалдырып төлеуді көздейді.

«Атехника» ЖШҚ – Татарстанның ауыл шаруашылығы техникасы нарығындағы ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын 15 жылдан астам нарықта, ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді сату, сервистік қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Оған қоса, Ресейде кеңейтілген субдилерлік желісі бар және WEIDEMANN, KRONE, SILOKING, Teagle, Holm&Laue брендтерінің ресми сатушысы болып танылған.

«Біздің басты мақсатымыз – отандық кәсіпорындардың халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау. Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасына көршілес елдерде сұраныс жоғары. Алайда, кейбір шетелдік серіктестер ірі келісімшартты жүзеге асыратын қаржы таппай қалып жатады. Біздің сақтандыру құралдарымыз осы кедергіні жоя отырып, экспорттық келісімшарттарды барлық тарап үшін тәуекелсіз жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ренат Қалиев.
«Атехника» компаниясы бұл Қазақстаннан сатып алынған соңғы арнайы техника емес екенін мәлімдеді. Олар алдағы жылдары өз автопаркін едәуір ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «АгромашХолдинг KZ» АҚ — Агенттіктің тұрақты клиенттерінің бірі. ЭКА қолдауымен кәсіпорын бұған дейін Беларусь, Ресей және Тәжікстан нарығына шыққан.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар