Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Бұхарбай Парманов, Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы: Халық мүддесі үшін жасалған қадам

Бір палаталы Парламентке өту бастамасы – уақыт талабы

деп хабарлайды Kemelnews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасы қоғамда кең қолдау тауып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім елдегі саяси өзгерістердің даму логикасынан туындаған және уақыт талабына сай қадам болып табылады. Мемлекет басшысы тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес, билік жүйесін мазмұндық тұрғыдан жаңартуға, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр.

Маңыздысы – Президент бұл мәселені асығыссыз, қысымсыз, қоғам пікірін құрметтей отырып талқыға салып отыр. Бұл – саяси стильдің жаңа мәдениеті. Көшбасшы қоғамға ұсыныс жасап, пікірталас ашып, ойлануға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл халықтың сенімін арттырып, реформалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан жағдайында екі палаталы жүйе кейде процестерді тежеп, қосымша шығынды талап ететіні жасырын емес. Қоғам күткен нәтижелердің уақтылы берілмеуі де осы құрылымның кемшілігі ретінде аталып жүр. Сондықтан бір палаталы Парламент идеясы – көптен пісіп жетілген мәселе. Құрылымды жеңілдету заң шығарушы билікті халыққа жақындатып, маңызды шешімдерді жедел әрі тиімді қабылдауға жол ашады.

Ең бастысы – соңғы шешім халықтың қолында. Президент атап өткендей, мұндай ауқымды саяси реформа тек референдум арқылы жүзеге асуы тиіс. Егер қоғам бұл бастаманы қолдаса, Қазақстан ықшам, мобильді және есеп беретін заң шығарушы органға ие болады. Мұндай Парламент формалдылық үшін емес, ең алдымен халық мүддесі үшін жұмыс істейтіні сөзсіз.

Қорытындысында сарапшылар бір палаталы Парламентке өту бастамасын елдің саяси жүйесін жаңғыртатын, демократияны тереңдететін және қоғам сұранысына жауап беретін тарихи қадам деп бағалады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар