Вторник, 6 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КӨРМЕ

Шымкент қаласындағы «Концерттік-көрме орталығында» ұлттық рухты асқақтатып, ата-баба мұрасын кең көлемде танытқан «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің кең ауқымды көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен жастар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Көрменің негізгі мақсаты – ғасырлар қойнауынан үзілмей келе жатқан ұлттық қолөнерді сақтау, дамыту және оны келер ұрпаққа кеңінен насихаттау. Сонымен қатар өңірдегі талантты қолөнер шеберлерінің, кәсіпкерлердің еңбегін елге таныстырып, олардың жасаған бұйымдарының мәні мен маңызын халыққа тереңірек түсіндіру болды. Көрме барысында түрлі табиғи материалдардан жасалған тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, ою-өрнекті киім үлгілері, ағаш және тері өңдеу өнерінің үздік үлгілері көрермен назарына ұсынылды. Дәстүр мен заманауи стильді шебер үйлестірген туындылар ұлттық мәдениеттің өміршеңдігін, оның бүгінгі қоғаммен біте қайнасқан рөлін айқын көрсетті.

Шараға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ең таңдаулы қолөнер шеберлері шақырылды. Олардың қатарында «Креативті өнеркәсіп ассоциациясы», «Хас шебер қауымдастығы», ЖК «Алтын-Орда» жетекшісі Бейсбеков Болатбек, суретші-зергер Желдибаев Әшірбек, зергер Аманқұл Нұрдәулет, ЖК «Асыл Мұра» өкілі Жетибаева Бубихадиша сынды танымал тұлғалар бар. Әрбір қатысушы өз қолтаңбасымен ерекшеленіп, халқымыздың мәдени кодын сақтауға деген ықыласын көрсетіп, көрмеге жоғары деңгейлі шығармашылық үлес қосты.

Көрмеге келушілер ұсынылған бұйымдарға ерекше қызығушылық танытып, ұлттық өнерге деген ықыластың әлі де жоғары екенін көрсетті. Көптеген шеберлер өз жұмыстарын арнайы жеңілдікпен ұсынып, көрермендерге қолжетімді бағада ұлттық өнер туындыларын алу мүмкіндігін жасады. Бұл жәрмеңкенің мерекелік атмосферасын күшейтіп, қаланың мәдени өміріне өзгеше серпін берді.

Ұлт руханиятының өзегін құрайтын құндылықтарды дәріптеген бұл шара ұлттық мұрамызды ұлықтап қана қоймай, жастардың бойында дәстүрге деген құрметті арттыруға бағытталды. Көрме қорытындысы ұлттық өнердің қоғамда сұранысқа ие екенін, оның тәрбиелік әрі мәдени маңызын жоғалтпағанын айқын дәлелдеді. Осындай тағылымды іс-шаралар халық мұрасын сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызды құралы болып қала беретіні сөзсіз.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар