Вторник, 6 октября, 2026
7.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «OMIR SHYMKENT» ГЛЭМПИНГ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының табиғи көрінісі мен жайлы климаты экотуризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Осы бағытта қалада жаңа және тың бастамалар қолға алынуда. Солардың бірі — Маятас тұрғын алабында жүзеге асырылып жатқан «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы. Бұл жоба – табиғат пен заманауи жайлылықты үйлестіріп, тұрғындар мен туристерге экологиялық таза, ерекше демалыс түрін ұсынуға бағытталған.

Жоба аясында жалпы аумағы 53 гектар жер телімі инвесторларға беріліп, құрылыс жұмыстарына 2,5 миллиард теңге инвестиция салынған. Глэмпингтің алғашқы кезеңінде 15 құрылысшы тұрақты жұмыспен қамтылды, бұл өз кезегінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуға да үлес қосып отыр.

Бүгінгі таңда жоба аумағында 9 глэмпинг, 2 капсулалық үй және мейрамхана ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар табиғатпен үйлесімді түрде салынып, экологиялық талаптарға сай материалдар қолданылуда. Глэмпинг аймағында келушілер таза ауада демалып, қала қарбаласынан алшақтап, тыныштық пен табиғаттың сұлулығын сезіне алады.

Жобаның келесі кезеңінде 38 глэмпинг, 18 капсулалық үй, заманауи мейрамхана, SPA-аймақ, жүзу бассейні, спорттық және ойын алаңдары, амфитеатр, сондай-ақ жылқы шаруашылығына арналған аймақ пен вино дайындау кешенін салу жоспарланған. Мұндай инфрақұрылым тек туристер үшін ғана емес, қала тұрғындарының да сапалы демалысын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Глэмпинг жобасының басты ерекшелігі — табиғи ресурстарды барынша сақтап, экологиялық тепе-теңдікті бұзбай құрылыс жүргізілуінде. Сонымен қатар, болашақта нысан аумағында күн және жел энергиясын пайдалану жүйесін енгізу көзделген. Бұл шешім экологиялық жүктемені азайтып, тұрақты туризм тұжырымдамасына сай келеді.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін өңірде жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар үшін табыс көзі кеңейеді. Сонымен қатар, бұл бастама ішкі туризмнің дамуына, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға серпін береді.

«Omir Shymkent» глэмпингінің іске асуы – Шымкенттің туристік инфрақұрылымының жаңа белесі. Мұндай нысандардың көбеюі қаланы еліміздің ғана емес, Орталық Азияның да экотуристік бағыттарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Табиғи байлық пен заманауи инфрақұрылымның үйлесімі Шымкенттің тұрақты дамуына және оның халықаралық туристік картадағы орнын нығайтуға жол ашады.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/hrIwC_E42JA?si=mztrveEgzmp5LIyM

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар